Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де бір баланы құтқарғаны анықталды

viewings icon 1119 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабаттан құлай жаздаған үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де бір жасөспірімді аман алып қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда сегізінші қабаттан құлай жаздаған үш жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаев бұған дейін де бір жасөспірімді аман алып қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, ол 2009 жылы суға батып бара жатқан 15 жастағы қызды құтқарды. Бірақ оны көпшілік білмейді. Өзі де ол әрекетін батырлық деп санамаған.

Қалалық жағажайда суға батып бара жатқан жасөспірімді көрген Сәбит дереу суға секіріп, құтқаруға тырысқан. Басына төнген қауіпті де елемепті. Тек бар ойы қызды жағаға алып шығу болған. Абырой болғанда, жеткіншек аман қалды.

Ал Нұр-Сұлтанда болған жағдай дүйім жұрттың әлі аузында жүр. Сәбиттің атуынша, өзі де басында түс көргендей болған. Алайда құтқаруға ұмтылған сәтте сый-құрмет, атақ-даңқты емес, баланың амандығын тілегенін айтады. Себебі терезеге ілініп тұрған қызға қарағанда, өзінің кенже ұлын көргендей болыпты. 

"Мен ол сәтте төменге қарамағанмын, тек балаға қарай бергенмін, қолды жіберіп қоймай ма, ұстап үлгерейін деген оймен. Сұхбат беріп, көрсетіп қалай болғанын, вот сол кезде көрдім 7 қабат қаншалықты биікте тұрғанын. "Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады" дейді. Мейірімділік болса, бәрі болады", - дейді Сәбит. 

Егіздің сыңары Сәбит - бес баланың үшіншісі. Анасының айтуынша, ол бала кезінен әр нәрседен хабары бар, жұмысқа да епті болған. Ұлының ержүрек әрекетін талбесіктен алған тәрбиенің негізі деп біледі. Алайда, жазатайым оқиғаны видеодан көрген сәтте, еріксіз көзіме жас келген. 

"Алғыс ал, қарғыс алма" дейді. Алғыс көп алсаң жақсы азамат боласың. Еліңе қалаулы, халқыңа мақтаулы болып өсіңдер деп, жас кезінен, кіттай кезінен сүйтіп өскен. Видеоны көрдім ғой, қорқыныш болды, жылап та алдым. Бірақ балам аман болғаннан кейін, әлі күнге дейін, кеше келгенге дейін әлі, үйренісе алмай жатырмын, шын ба, балам аман ба дегендей", - дейді анасы Гүлбаршын Пірімбетова. 

Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды қағып алған ер адам оқиғаның мән-жайын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
26°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю