Сағыз өндірушілерді тротуарларды тазартуға міндеттеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағыз өндірушілерді тротуарларды тазартуға міндеттеу ұсынылды Ұлыбританиядағы тротуар. ©telegraph.co.uk

Ұлыбританияда шенеуніктер сағыз өндірушілерді тротуарларды тазалауға міндеттеуді ұсынды, - деп жазады The Telegraph. Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығы шенеуніктерінің бірінің айтуынша, тротуарларға сағыздардың тасталуынан көшелердің ұсқыны кетіп тұр.

Шенеуніктердің айтуынша, Wrigley компаниясы көше тазалауды қаржыландыруға "айтарлықтай үлес" қосуы керек. Сонымен бірге, қауымдастық сағыз өндірушілерге өнімді табиғи жолмен жойылып кететіндей етіп шығаруды ойластыруды ескертті. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Twitter сервисінің франциялық қолданушылары АҚШ президенті Барак Обаманы сағызға байланысты қатты сынға алған еді. Олар Нормандияда одақтастар әскерінің түсірілгеніне 70 жыл толуына орай өткен ресми салтанатта Обаманың сағыз шайнап тұрғанын байқаған. Америка басшысын кейін Интернеттің Қытайдағы тұтынушылары да сынады. Оларға Бейжіңде өткен Азия - Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде ірі держава басшысының көпшілік алдында сағыз шайнағаны ұнамаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети