Ресейде туып-өскен этникалық қазақ Азамат Мұсағалиевтің монологы қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейде туып-өскен этникалық қазақ Азамат Мұсағалиевтің монологы қазақстандықтарды тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада өткен Жазғы кубок ойындары кезінде Азамат Мұсағалиев командасына ойын Қазақстанда өтіп жатқандықтан беріле салуды ұсынды. "Мен қазақпын. Сондықтан кубок қазақтарда болғанын қалаймын", - деп мәлімдеді ол сахнада тұрып.
"Шатасып кеттім. Қазақстанға келсем, мен олар үшін орыспын, ал Ресейге барсам, не бурят не қалмақ, не якут... Мен қазақ боламын ба, жоқ па?" деп әзілдейді әзілкеш.
Сосын өзі өнер көрсететін "Камызяки" командасы оған таңдау жасауды ұсынды: "Азамат, қазір сен 18 миллионға батыр бола аласың, бірақ 140 миллионға сатқын болып шығасың. Өзің шеш: Қазақстан ба, Ресей ме?!".
"Бұлай болмайды! Бұлай деуге болмайды. Бала кезде әрбірімізден "Шешеңді жақсы көресің бе, әкеңді ме?" деп сұрайтын еді. Бұл бала үшін өте қиын сұрақ. Мен былай деп жауап берейін. Анамды қатты жақсы көремін, бірақ қаным әкемдікі", - деді әзілкеш.
Осы эфирден кейін әлеуметтік желі қолданушылары оған риза болысып, пікір жазып жатты.
Әзіл монологты 1 сағат 33-ші минутта тыңдай аласыздар: