07 шілде 2015 | 12:02

Сара Назарбаева Қазақстан Президентін туған күнімен газет арқылы құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ksusha-club.ru © ksusha-club.ru

Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. "Комсомольская правда" газетінің редакциясына Қызылордадан Қазақстан Президентінің жарымен аттас 21 жастағы Сара Назарбаева есімді студент қыздан хат келіп түсті. Газет студент қыздың тілегін жаңа номеріне басып шығарды.


Иконка комментария блок соц сети

Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. "Комсомольская правда" газетінің редакциясына Қызылордадан Қазақстан Президентінің жарымен аттас 21 жастағы Сара Назарбаева есімді студент қыздан хат келіп түсті. Газет студент қыздың тілегін жаңа номеріне басып шығарды.

"Біздің қымбатты президентіміз, Сізді осынау ерекше күнмен құттықтаймын! Бірінші кезекте сізге ұзақ өмір тілегім келеді. Мен тәуелсіздігіміз қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Сіздің орыныңызда көп адам бола алмас еді ғой деп жиі ойлаймын. Сіздің арқаңызда біз сол жолды топалаңсыз, билік үшін талассыз өте алдық. Біз елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық. Мен бар жүрегіммен Сізді қостаймын және соңына дейін Сізді қолдаймын. Сіз тек жақсы Елбасы емес, жақсы адамсыз, мен оны сеземін. Сіздің әрдайым бақытты болғаныңызды қалаймын! Денсаулық тілеймін, себебі табиғи байлығы мол, аумағы жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған Қазақстан сияқты елдің Президенті болу оңай емес. Сізді тек адал әрі жақсы адамдар қоршасын", - деп жазды Сара Назарбаева.  

Қыз - отбасындағы жалғыз перзент және оған Презденттің жарының құрметіне Сара деген есімді беруді әжесі ұсыныпты. "Әжем менің тәрбиемде үлкен рөл атқарды. (...) Менің ата-анам бір сыныпта оқып, 18 жастарында үйленген, көп ұзамай мен өмірге келдім! Әжем жастарға бар жағынан көмек көрсетті. Атам мен туылғанда өмірден өтті, сондықтан менің есімде жоқ", - дейді Сара Назарбаева және ол Қазақстан Президентін неліктен газет арқылы құттықтауға бел шешкенін айтып берді.

"Мен мектеп жасынан бастап адамдардың назарда болуға үйрендім. Мысалы: "Менің аты-жөнім шынында осындай ма?" деген сияқты сұрақтарға байсалды жауап беремін. Әрине, ерекшеленген жағымды. Мен қазір Сүлейман Демирель университетінің филология факультетінің төртінші курсында оқимын. Мен өз болашағымды жоспарлауға тырысамын және менде әрдайым жаңа мақсат бар. Бірақ олармен бөлісе беруді ұнатпаймын. Ең әуелгі жоспарларымның бірі - оқуды бітіріп, өз университетімде немесе қазақ-түрік лицейінде сабақ беру", - деп өз жоспарымен бөлісті студент қыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети