Актер Саша Барон Коэн Қазақстанда дау туғызған Борат образын қолданудан бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.
Актер Саша Барон Коэн Қазақстанда дау туғызған Борат образын қолданудан бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.
Variety журналына берген сұхбатында 49 жастағы актер Боратты "сөреге қоятынын" мәлімдеді. Саша Барон Коэн персонаж прототипі бұрынырақта кездестірген орыс таксисі болғанын айтты. Коэнның айтуынша, ол Боратты былтыр АҚШ президенті қызметінен кеткелі жатқан Дональд Трампты сынау үшін қолданыпты.
"Бұл фильмнің мақсаты болды. Демократияға қауіп төніп тұрғанын сездім және фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұлай жасаудың мәнін көріп тұрғаным жоқ", - деді Коэн сұхбатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, "Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша Қазақстанда танымал журналист Борат Сагдиев тағы да АҚШ-қа барып, президент сайлауы қарсаңында елдің саяси өмірін зерттейді, коронавирус пандемиясымен табақ алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен сөйлеседі. Amazon Prime Video стриминг сервисі комедияның бірінші трейлерін YouTube-те жариялады.
Мұның алдында актер неге өз фильміне Қазақстанды таңдағанын да түсіндірген еді.
Фильм шыққан күні қазақстандықтар АҚШ консулдығына петиция табыстап, "Борат-2" фильмінің көрсетіліміне қарсы #CancelBorat хештегін жазуды сәнге айналдырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!