Сегіз немеренің әжесі төртемге жүкті екен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сегіз немеренің әжесі төртемге жүкті екен

Ұлыбританияда жақын арада төртем туатын ең кәрі ана болып 50 жастағы Трейси Бриттен атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Sun порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда жақын арада төртем туатын ең кәрі ана болып 50 жастағы Трейси Бриттен атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі The Sun порталына сілтеме жасап. 

Трейси Кипр қаласында жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Қазір ол жүктіліктің 25-ші аптасында екен, ал 32-ші аптада Кесарев арқылы босанады екен. 

Трейси күйеуі Стивенмен бірге үш қыз бен ұл дүниеге келетінін айтты. Трейсидің үш баласы мен сегіз немересі бар екені анықталды. "Жыл сайын кем дегенде бір баладан туып отырғанды армандайтынмын. Жасым 50-ге келген соң, жасанды ұрықтандыруға жүгіндім", - дейді Трейси. 

Әйелдің айтуынша, ол жұрттың сөзін елемейді екен. "50 жасында босанып жатқан мен ең бірініші және ең соңғы емеспін. Мен өзімді 50 жастағы әйелге ұқсатпаймын және елу жастағыдай сезінбеймін. Жұрт менің тағдырымды білмейді. Бірақ, менің төрт сымбатты баламды көрген кезінде ойларын өзгертер", - дейді ол. 

Трейсидің бірінші күйеуінен үш баласы бар екен. Бұрынғы күйеуімен 2003 жылы ажырасып, араға екі жыл салғаннан кейін Стивенді жолықтырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети