Ресей азаматы үш ай бойына Бруклин көпірін тазалайтын болады. Көпірде айналасына қауіп төндіріп, селфиге түскен Ярослав Колчин деген жас жігітке сот осындай үкім шығарған. Бұл туралы LifeNews.ru хабарлайды.

Сотта прокурор құқық бұзушыны үш ай бас бостандығынан айыруды сұраған. Оның пікірінше, Колчин көпірдегі адамдарды қорқытқан, ал оны ұстау үшін полицейлер шамамен 7,5 мың долларға шығындалған. Алайда сот әлдеқайда жеңіл жаза кесті - қоғамдық жұмысқа жегу жөнінде.
26 тамызда Ярослав Колчин Манхэттен мен Бруклин аудандарын жалғайтын АҚШ-тың ескі көпірінің басына шыққан. Көпірдің ең биік мұнарасына көтерілген жас жігіт бірнеше минутқа кідіріп, өзін бірнеше мәрте суретке түсірген. Бұл кезде оның айналасында Нью-Йорктің полиция департаментінің тікұшақтары ұшып жүреді.
Төменге түскен ресейлікті полицейлер күтіп алған.