Семейде ерекше Құран көрмеге қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ХІХ ғасырдың сүйкімді қалта Құраны. Фото Tengrinews© ХІХ ғасырдың сүйкімді қалта Құраны. Фото Tengrinews©

Семейде Федор Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында "С қаласы және оны мекен етушілер..." тақырыбында айырықша көрме ашылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көрмеге 100-ден аса ескі тұрмыстық бұйымдар мен фотосуреттер, заттар қойылды. Мұнда ерекше көзге түсетін заттың бірі - сүйкімді де шағын Құран. Сіріңке қорабы көлеміндей ғана қалтаға салып жүруге арналған басылым жақсы сақталған. "Біз экспонаттарды жинастыру барысында қала халқына да өздерінде қызықты әрі көне заттары бар болса, оны көрмеге қоюларына болатындығын айтып, хабарлама бердік. Міне, бір тұрғынымыз өзінің жеке коллекциясындағы ХІХ ғасырдың соңында жарық көрген Құранын бізге уақытша ұстауға әкеп берді. Ол кезде миниатюра, нәзіктік пен сүйкімділік қатты бағаланған. Жалпы, бұл Құранды сыйлыққа тарту үшін арнайы жасатқан секілді, өйткені ол - қолөнер туындысы" дейді ғылыми-экспозициялық бөлімнің меңгерушісі Ирина Соловьева. Көрмеде осы секілді ерекше көз тартар тағы бір бұйым бар деп санайды мекеме қызметкерлері. Ол - 1874 жылы жасалып шыққан механикалық шайқағыш (миксер). Бұл зат бірінші рет көрмеге қойылып отыр, бұған дейін мұражай қорында көп уақыт сақталып, жатып қалған. "Бұл ерекше бұйым, ыдысқа салсаңыз, оның ішіндегі сұйықтық механикалық тұрғыда шайқалады, яғни қазіргі тұрмыстық қолданыстағы миксердің ең алғашқы нұсқасы" дейді Соловьева.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro