Сенатор: Жолда қолында ұялы телефоны мен темекісі бар жүргізуші қыздарды жиі көреміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор: Жолда қолында ұялы телефоны мен темекісі бар жүргізуші қыздарды жиі көреміз

Сенатор Ләззат Киинов кейбір жүргізуші қыздардың жолдағы әрекеттеріне наразылық танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Ләззат Киинов кейбір жүргізуші қыздардың жолдағы әрекеттеріне наразылық танытып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат жолда қолында ұялы телефоны мен темекісі бар жүргізуші қыздарды жиі көретінін айтты.

"Расында да, біз көлікте отырған қыздардың мұндай әрекеттерін жиі байқаймыз. Оң қолында ұялы телефон, сол қолында темекісі бар", - деді депутат парламент тыңдауы барысында.

Осы сәтте сенатор Бірғаным Әйтімова осы мәселеге қатысты "көлікте былай істейтін тек қыздар емес" деген пікірді білдірді.

"Қолында ұялы телефоны мен темекісі бар ер адамның көлік жүргізіп келе жатқанын бірде-бір рет көрген емеспіз. Мен әйелдер деп отырған жоқпын, қыздар жайлы айтып отырмын. Қыздардың осы әрекетін жолда жиі байқауға болады. Осыған байланысты оларға жаза қолдану керек. Сонда ғана тәртіп болады. Адамның қалтасынан ақша шығарып алмайынша, ол тәртіпке келмейді", - деді сенатор Киинов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети