Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлының жергілікті телеарналардың тілшісіне берген сұхбаты жайлы әзіл ән шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлының жергілікті телеарналардың тілшісіне берген сұхбаты жайлы әзіл ән шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Youtube желісінде бұл видео 23 мамырда пайда болды. Видеоны жүктегендер оның сипаттамасында "Шалқар қаласының әкімі (Ақтөбе облысы) өз сөзімен интернетті жарды. Біз трендтен қалмай, видеоның музыкалық нұсқасын шығаруды жөн деп санадық" деп жазған. Айта кетейік, видео авторлары Аян Қорқытұлын қала әкімі деп қате жазған.
Еске салайық, сюжетте жергілікті такси жүргізушілері жолдың жаман екеніне шағым айтады. "Біздің ауылда жол жоқ, оны ешкім жөндемейді де, жыл сайын жолдар бұзылып, шаң жиналып жатыр. Бізде Кеңес Одағынан қалған жолдар да бар", - деді жүргізушілер.
Осы сұрақтардың жауабын алу үшін тілшілер жол құрылысы мәселелерімен айналысатын шенеунікке барды. "Бұл жылы мүлде ақша жоқ. Әйтеке би көшесін жөндеуге ақша бөлді де, қайтадан алып кетті. Қысқасы, ақша жоқ. Дәл осылай жаз, басыңды ауыртпа", - деді шенеунік. Ал соңында айтқан сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін аударды. "Шалқар чики-чики ғой", - деді Аян Қорқытұлы.