06 сәуір 2022 | 15:07

Шеге терапиясы кімдерге зиян? Маман түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pinterest.ru Көрнекі сурет: pinterest.ru

Шеге терапиясының қандай әсері бар? Ол қазір неге сәнге айналған? Айына қанша адам жүгінеді? Tengrinews.kz тілшісі шеге терапиясымен айналысатын мамандар Жумазия Тусилова және Дайана Бекболатқызымен сөйлесіп, осы сауалдардың жауабын сұрап көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Шеге терапиясының қандай әсері бар? Ол қазір неге сәнге айналған? Айына қанша адам жүгінеді? Tengrinews.kz тілшісі шеге терапиясымен айналысатын мамандар Жумазия Тусилова және Дайана Бекболатқызымен сөйлесіп, осы сауалдардың жауабын сұрап көрді.

Осындай терапиямен айналысатын Жумазия Тусилованың айтуынша, шегеге тұру қазір сәнге айналып кеткен. Маман оның себебін былай түсіндірді:

"Қазір халық өз-өзін дамыту туралы көбірек ойлайды. Ұлттық менталитетімізге байланысты үлкендер бізді үндемеуге, сабырлы болуға үйреткен. Бірақ қазір заман басқа. Өз пікіріңізді білдіре алмасаңыз, өз көзқарасыңызды қорғай алмасаңыз, мақсатыңызға жету қиын. Халық көбіне жан дүниесін жеңілдету үшін осы тәжірибеге барады", - деді ол.

Шеге терапиясына кімдер жүгінеді?

Маман өткен айда терапияға 30 адам жүгінгенін, бір аптада кемінде 6 адам келетінін айтты. 

"Тәжірибеге өмірінде өзгерісті қалайтын, өзін дамытқысы келетін адамдар қатысады. Әдетте сұраққа жауап таба алмай жүргендер немесе күрделі мәселенің шешімін таба алмайтындар жүгінеді. Қорқыныш пен реніштен құтылғысы келетіндер мәселесін осы әдіспен шешкісі келеді", - деді маман.

Тәжірибе қалай жұмыс істейді?

Жумазия Тусилова тәжірибе 3 деңгейде жұмыс істейтінін айтты. Ол мынадай деңгейлер:

  1. Физикалық деңгей
    Аяқта көптеген жүйке талшығы бар. Шегеде тұрғанда, осы нүктелердің барлығы массаж алады. Осылайша, аяқ арқылы дене мүшелеріне әсер етеді. Кейін дене салмақты тең ұстауға бірден бейімделеді. Бұл кезде қан бүкіл денеде айнала бастайды.
  2. Психикалық деңгей
    Психикалық деңгейде көңіл күйге әсері байқалады. Шегеде тұрғанда, эмоция көрінеді. Көз жасы, реніш, адамды іштей жейтін ойлар. Әдетте адамдар осындай психикалық күйден құтылғысы келеді. Шегеде тұрғанда, эмоция өздігінен шығады.
  3. Энергия деңгейі
    Бұл кезең әдетте санадағы, ойдағы кедергілермен жұмыс істеуге арналған. Сондықтан адам қабілеттері туралы идеяны өзгерте алады. Соның ішінде табандылық, мақсатқа ұмтылыс сияқты қасиеттерді дамытуы мүмкін.

Ол мұндай терапияның орташа бағасы 10 000 - 15 000 көлемінде екенін айтты.

Шеге терапиясымен айналысатын тағы бір маман Дайана Бекболатқызы бұл да басқа йоганың түрлері секілді дененің шымыр болуына көмектесетінін, шыдамдылыққа үйрететінін және сананы тазартуға арналғанын айтты.

"Тәжірибе сөзі медитациядан гөрі шеге терапиясына сай келеді. Бұл тәжірибе ежелгі Үндістанда құлшылықты жеңілдету үшін шегесі бар тақталар қолданудан пайда болған. Олар ақыл-ойын тазартуға, мінсіз денеге, шыдамдылыққа осындай тақталардың көмегімен қол жеткізген", - деді ол.

Қандай адамдарға бұл терапияның қарсы көрсеткіші бар?

Дайананың айтуынша, алғашында арнайы маман көмегіне жүгіну қажет. Өйткені маман қалай қауіпсіз тұрғызу, бұл тәжірибені қалай жүргізу керегін біледі.

"Жүктілік кезінде қарсы көрсетілімдері бар. Өйткені жатырға күш түсуі мүмкін. Онкологиямен ауыратындарға да кері әсері бар. Өйткені қатерлі ісікке шалдыққандарға массаж алуға тыйым салынады. Одан бөлек эпилепсия, диабет, клиникалық депрессия, аяқтағы жара, жүрекке операция жасалған адамдарда (6 айға дейін) қарсы көрсетілімі бар", - деді ол.

Маманның айтуынша, шеге терапиясына айналған тақта үй жағдайында қолдан жасалмайды.

"Аяқты дұрыс қойса, қанамайды. Адам бірінші рет өздігінен тұрса, жарақат алуы мүмкін. Себебі ол аяғын дұрыс қоя алмайды. Бұл тақталар қауіпсіз. Өйткені кәдімгі шегеден жасалмайды. Олар арнайы шегелерден жасалады, тұрмыстық шеге жарамайды", - деді маман.

Дайана кейінгі кезде неге сәнге айналды деген сұраққа былай жауап берді:

"Бұл терапия Ресейде жақында танымал бола бастады, ал бізге шамамен бір жыл бұрын келді. Қазір психологтарға, коучтарға және басқа мамандарға түрлі терапияға бару сәнге айналды. Бұл да сол арқылы танымал болды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети