Шекарадан өткізу пункті арқылы өткен піл әскерилерді әбігерге салды - Видео

29 Қаңтар 2018, 14:35
0
Шекарадан өткізу пункті арқылы өткен піл әскерилерді әбігерге салды - Видео - Иллюстрациялық сурет © РИА Новости
Иллюстрациялық сурет © РИА Новости

Азиялық жабайы піл Қытай мен Лаос арасындағы шекаралық өткізу бекетінен өтіп, күзетшілерді әбігерге салды, - деп хабарлайды Euronews. Оқиға сыртқы видеобақылау камераларына түсіп қалған. 

Оқиға қаңтардың 27-не қараған түні болған. Шекараны кесіп өткен пілді іздеу үшін екі топ сарбаз жіберілген. Алайда екі сағаттан кейін жануар қайта оралып, шекараны кері кесіп өткен. 

"Қыста орманда азық тапшылық. Пілдердің жақын маңдағы ауылдарға азық іздеп баратынын жиі көреміз", - дейді шекарашылардың бірі Чахе Ли Чжифу.

Азиялық жабайы пілдер Қытайда қорғауға алынған, олардың үш жүздейі Юньнань аймағының ормандарын мекен етеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай