Шетел азаматы Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетел азаматы Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын мәлімдеді Видео кадры

Қазақстанда ұсталғандардың бірі Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын мәлімдеді. Ер адамның видеосын Qazaqstan телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ұсталғандардың бірі Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын мәлімдеді. Ер адамның видеосын Qazaqstan телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтардың 1-інде белгісіз адамдар хабарласып, 90 мың теңгеге митингіге қатысуды ұсынды. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргендіктен келістім. Олар маған билет алып берді. 2-сі күні (қаңтарда - еск.) Алматыға ұшып келдім, мені пәтерге апарды. Онда мен сияқты Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары болды. Бірақ олар не туралы айтып жатқанын түсінбедім. Митинг басталғанда қорқып кеттім. Пәтерге қайтып келіп, сонда түнедім. Ертеңінде елге қайтпақ болғанда әскерилер мені Самсы ауылында (Жамбыл облысы - еск.) ұстады", - деді ер адам.

Оның айтуынша, Алматыдағы пәтерде онға жуық адам болған. Оған қоса, мемлекеттік телеарналардың бірі ұсталғандардан тәркіленген қару-жарақты көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети