19 маусым 2014 | 16:24

Шетелдік журналистер "тыңшылық" қызмет атқарып жүрген жоқ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Кез келген мемлекет ең алдымен өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға міндетті. Сол ұлттық қауіпсіздіктің негізгі саласы – ақпараттық қауіпсіздік екені белгілі. Біз ақпараттық қауіпсіздікті былай қойып, әлі күнге ақпараттық тәуелсіздікке қол жеткізе алмай келеміз. Содан болар, қазір елімізде ресейлік һәм батыстық ақпарат құралдарының айы оңынан туып, «ақ дегені – алғыс, қара дегені - қарғыс» болып тұр. Тіпті, «олардың журналистері барлаушы ретінде жұмыс жасайды екен» деген пікірлер айтылатын болып жүр. Неге? «Алаш айнасы» басылымы осы мәселені ой таразыға тартып көрген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Әрине, біз өзіміз журналист болғандықтан шетелдік әріптестерімізді кінәлауға хақымыз жоқ. Десек те, әлем елдеріндегі саяси оқиғаларға қарап, осындай тенденцияның бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Себебі, әлемдік тәжірибеде тыңшылық (шпиондық) жасап, мемлекеттік немесе әскери құпияларды, деректерді шетелге асырған журналистер туралы ақпараттар өте көп. Өйткені, мамандар ақпараттың қожасы саналатын журналистерді тыңшылық жұмысқа пайдалану тиімді екенін айтады. Оны былай қойып, кез-келген журналист ақпаратты саралағанда өз мемлекетінің мүддесі тұрғысынан қарайтыны белгілі.

Мақсат Жақау, саясаттанушы:

– Әр мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігіне баса назар аударады. Осы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алсақ, бізде сол қауіпсіздіктің кепілі болып саналатын ақпараттық қауіпсіздікке көп мән берілмей келеді. Әлеумет, экономика болмашы бір ақпараттан халық толқып кетуі мүмкін. Мұндай даурықпа, арандатушы ақпараттарды еуропалық және ресейлік журналистер жиі жазып жатады. Мұны сырттағы түрлі күштер тиімді пайдалануға тырысады. Сондықтан, шетелдік ақпараттық агенттіктердің қызметкерлерінің өнімін ЦРУ, ФСБ секілді ұйымдар пайдаланатынын жоққа шығара алмаймыз. Біз этикалық һәм құқықтық тұрғыда журналистикаға, еркін ойға шектеу қоюға хақымыз жоқ. Бірақ, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін құзіретті органдар шеттен келген тілшілерді назардан тыс қалдырмағаны жөн.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін екі мысал келтірейік. Осыдан бірнеше жыл бұрын Әзербайжан билігі белгілі журналист Рауф Мирқадыровқа ресми түрде «тыңшылық жасады» деп айып таққаны белгілі. Рауф Миркадыров «2008 жылы Армения арнайы қызметіне кіріп, Ереванға Әзербайжанның мемлекеттік құпияларын жеткізіп отырған». Сондай-ақ, Молдова билігі журналист Эрнест Варданеан сатқындық жасады деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырған-ды.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети