Сауалнамаға қатысқан шетелдік блогерлер Қазақстанды Канада, Франция, Ұлыбритания және тағы басқа елдермен шатастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауалнамаға қатысқан шетелдік блогерлер Қазақстанды Канада, Франция, Ұлыбритания және тағы басқа елдермен шатастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
YouTube видеохостингіндегі Danny Y арнасының авторы шетелдіктерге Қазақстанның бірнеше суретін көрсетіп, қай ел екенін табуды сұраған. Жауаптар түрлі болып шықты.
Қыздардың бірі Алматыны Кореямен шатастырды, өзге қатысушы Алматы Тайланд пен Оңтүстік Азияны еске салатынын айтқан. Алматыны Тегеран деген қыз да болды.
Автор таулары түсірілген келесі суретті көрсеткенде қатысушылардың бірі оны Канада, екіншісі Швейцария деді.
Ал "Нұр Әлем" сферасын көрген қыздардың бірі ойынханаға ұқсайтынын айтқан. Ал EXPO-2017 көрмесіндегі Қазақстан павильонының суретін Ұлыбритания, Германия, Малайзия және Аустралия деген адамдар да табылды.
"Аустралиядағы Опера үйіне ұқсайды. Аустралияның келбеті", - дейді сауалнамаға қатысушы.
Қатысушыларға өзге де суреттер көрсетілді. Бірақ ешкім де оларды Қазақстанда түсірілген деп айтпады.