Риддерде демалушылар дайындаған кәуабын аюмен бөлісіп жеді, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Алайда оқиғаның қашан болғаны айтылмайды.
Риддерде демалушылар дайындаған кәуабын аюмен бөлісіп жеді, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Алайда оқиғаның қашан болғаны айтылмайды.
Демалыс орнының қожайынының айтуынша, бір топ жас демалу үшін үй жалдап, түн ортасында кәуап әзірлеген. Алайда, таңғы астары өздеріне емес, аюға бұйырыпты. Кәуап ұнаған болуы керек, қорбаңдаған аюды демалыс орнынан шығару қиынға соққан екен. Экзотикалық мәселені шешуге Громотуха қызметкерлері келген. Бірақ аюды қанша алыстатуға талпынса да, нәтиже шықпаған көрінеді.
Жыртқышты орманға қайтарудың екінші талпынысын Черныш аңшылық лайкасы жасаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қандай да бір шара қолдануға қауқарсыз екендерін жеткізді.
"Әзірше аю ешкімнің өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Алайда, қандай да бір шара қолдануымыз тиіс. Өйткені, жақын арада менің иелігіме көршілес Сенигорьге балалар демалуға келеді. Демалыс орнына аю барса, өзіңіз ойлаңызшы, елестетудің өзі қорқынышты", - дейді Сергей Третьяков үрейленіп.
Риддерліктерді біраз әбігерге салған аю сол кеткеннен әзірге ешкімнің көзіне түспеген екен.