30 желтоқсан 2021 12:55

ШҚО тұрғыны мекенжайын ұмытып, жылу трассасын паналаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мекенжайын ұмытып, жылу трассасын паналаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мекенжайын ұмытып, жылу трассасын паналаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Алтай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйелі жоғалып кеткені туралы арызданған. Полицейлер із-түзсіз жоғалған азаматшаның есте сақтау қабілеті нашар екенін анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған әйелдің таныстары, туыстарының үйін қарап шықты және басқа да іздестіру шараларына кірісті. Әйелдің қайда екені туралы достары да, туыстары да ештеңе білмеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған әйелдің есте сақтау қабілеті нашарлығын ескеріп, қараусыз қалған ғимараттарды, жертөлелерді қарады.

Сурет: polisia.kz

28 желтоқсанда жоғалған әйел Алтай қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан жылу трассасы маңынан табылды. 43 жастағы әйел тұрғылықты мекенжайын, туыстары мен достарының мекенжайын есіне түсіре алмағанын, соның салдарынан жылу магистраліне жақын көшеде тұруға мәжбүр болғаны айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети