Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде неке қиылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде неке қиылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, неке ҚАЖД ОВ 156/6 түзеу мекемесінде қиылған.
Қалыңдықтің есімі - Әлия, жасы 29-да. Әке шешесімен бірге тұрады. Сүйікті ісімен айналысады, фабрикада кондитер болып жұмыс істейді. Неке қию, тұрмысқа шыққан күніне арнап кейіпкеріміз өз қолымен тәтті торт жасап әкелген. Әлияның айтуынша, ауыр қылмыс жасағаны үшін әке-шешесі 9 жылға бас бостандығынан айырылған адаммен некеге тұратынын біледі және ешқандай қарсылық білдірмеген екен.
Арманның жасы 32-де, жаза мерзімін өтеп жатқанына биыл 4 жыл болды. Жастайынан Әлияны таниды, өзі пысық, қарапайым.
"Өмір болғасын, қатені әр адам жіберуі мүмкін. Жаза мерзімімді толық өтесем де қорықпаймын, өйткені бостандықта мені жақсы көріп, күтетін жандардың барын білемін", - дейді Арман.
Әлия Арманның ата-анасымен жақсы, жылы қарым-қатынаста екен. Осындай бақытты сәттерінде туған-туысқандарының қасында жоқ болғанына өкініштерін білдірді.
"Неке сақинасы орнына сымнан жасалған сақина өте қымбат, өйткені күйеуім өз қолымен, жан дүниесімен жасады",- дейді Әлия.
Дереккөз мәліметінше, осы түрме қабырғасында жылдың басынан бері екі неке қиылды. Неке қию рәсімінен кейін қалыңдық пен күйеу бала ұзақ мерзімді кездесу бөлмесінде заңды ерлі-зайыпты ретінде екі күн бірге тұрады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!