26 жастағы Шухрат Швеция астанасында отбасымен тұрып жатқанына осымен үш болды. Шухрат Elitar.kz басылымына берген сұхбатында бастапқыда жергілікті менталитетке үйрену оңай болмағанын, бірақ уақыт өте келе жұбайымен барлығына үйреніп кеткенін айтады.

Айтуынша, шетелге көшу үшін олар көлігін сатқан.
"Қазақстанда өстім, Астанадағы Гумилев университетінің дипломы бар, бірақ курстастарым жақсы қызметке орналасу үшін таныстарың болуы керек дейтін. Сол кезде болашақ әйеліммен көп жұмыс істейтінбіз, кафелер мен мейрамханаларда жұмыс істейтінбіз. Осылайша көлікке ақша жинап, кейіннен оны сатып, елден кетуді шештік", - дейді Шухрат.
Қазір Шухрат Қазақстанға тек визаның мерзімін ұзарту үшін келіп тұрады екен. Ал таяуда отбасында сәби дүниеге келді.
"Қазақстанды жақсы көремін, ол менің отаным, онда менің достарым, ата-аналарым. Күндердің бір күнінде қайтып келетін шығармыз, бірақ мен әзірше үйге тек құжаттарды реттеп қайту үшін барып жүрмін. Швецияның паспорты жоқ, тек визамен жүрмін, сол виза арқылы жұмысқа орналасып, пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Пәтер табуға танысымыз көмектесті. Мұнда жастар үшін жұмыс көп", - дейді Шухрат.
Айтуынша, ағылшын тілін білсең, Швецияда жұмысқа тұру оңай.
"Маған Скандинавия елдері ұнайтын, сондықтан Стокгольмды таңдадым. Мұнда өмір сүру деңгейі жоғары, енді Швеция азаматы болу үшін қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз", - дейді ол.