21 қаңтар 2014 | 19:24

Шымбұлақта Дүниежүзілік қар күні атап өтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

"Шымбұлақ шаңғы курортында Дүниежүзілік қар күні атап өтілді. Мерекелік шараға 400-ге тарта адам келді. Сондай-ақ Халықаралық шаңғы федарациясының бастамасымен 2012 жылы қолға алынған мекемелік World Snow Day мерекесіне Алматы қаласының №1, №2 балалар үйі мен "Надежда" сәбилер үйінің 100 шақты тәрбиеленушілері де қатысты" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мерекелік шарада балаларға сноубордисттердің ойыны, шаңғышы потрульдердің жұмысы, Чимба лақапты иттің қызықты іс-әрекеттері көрсетілді. Сенбернару тұқымдас Чимба қазірге ешкімді құтқара қоймаған. Дегенмен, төтенше жағдай бола қалған жағдайда, Чимба ерлік жасауға дайын көрінеді. Шараны ұйымдастырушылар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көңілді демалыс тарту етті. Қар күні мерекесінде оларға сұрақ-жауп сайысына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік жасалды және тәжірибелі спортшылармен кездесулер ұйымдастырылды. Қар күні мерексінде слалом бойынша балалар арасында жарыс өткізілді. 5-7 жас аралығында бірінші орынды Алина Харченко, екінші орынды Джамик Өтемұратов, ал үшінші орында Арлан Есентұров жеңіп алды. Ал 8-10 жастағы балалар арасындағы сайыста жеңіс Давыд Кашкаровқа бұйырды. Екінші, үшінші орынды Настя Родионова мен Ренат Тайматов бөлісті. 11-13 жас аралығындағылардың көшін Ерден Ерұлан бастаса, Диана Федорова екінші, Крофт Мейф үшінші орынды иеленді. 14-16 жастағы жасөспірімдерден Ксения Родионова биіктен көрінсе, Сұлтан Абделәзиз екінші болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетерлігі, Дүниежүзілік қар күні мерекесі Шымбұлақта алғаш рет аталып өтілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Еуропада World Snow Day шарасын өткізу игі дәстүрге айналған. "Қар күні мерекелік шарасын өткізудегі мақсат – балаларды спортқа бейімдеу, тау-шаңғы спортына деген сүйіспеншілігін ояту. Соымен қатар "Балаларға қарды көрсет" бағдарламасы негізінде қысқы спорт түрлерін көңілді, сауықтыру демалысы ретінде өткізіп отырмыз. Қар күні мерекесі балалардың қысқы ойындарға деген қызығушылығын арттырып, ата-аналарымен бірге қар үстіндегі спорт ойындарынан рахат алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына септігін тигізеді» – дейді Шымбұлақ шаңғы курортының PR-менеджері Сая Оқас. Бұдан былай, әр жылы қаңтардың үшінші жексенбісінде Алматыда Дүниежүзілік қар күні мерекелік шарасын өткізу жоспарланып отыр. Алдағы жылдарда аталмыш шараға алты мыңға дейін адам қатысады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Шымбұлақ миллионыншы қонағын – Шыңғыс Шернияздановты қарсы алып, оған клубтық карта мен шаңғы жиынтығын табыс еткен болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети