Сурет СТВ телеканалынан алынған
"Шымкент қаласында кәсіби мамандардың басқаруымен 2000 метр биіктікке дейін көтеріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына шым шаһарды төбеден тамашалауға мүмкіндік беретін жаңа аттракцион-әуе шары іске қосылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап. Білетіндердің айтуына қарағанда, жүйкесі жұқа жандар бұл ойын-сауықтан бойын аулақ ұстағаны абзал. Десе де, қазірге қала сұлулығын биіктен тамашалауға тілек білдірушілердің қатары көп көрінеді. Олардың арасында жас балалар да, жасы ұлғайған қариялар да жетерлік. Әуе шарымен ең алғаш болып 70 жастағы ерлі-зайыпты Сарқұлдар ұшқан. Олар аэростатпен 25 қабат үйдің биіктігіндей деңгейге көтерілген. "Мынандай биіктіктен қала алақандағыдай көрінеді екен. Алған әсерді жеткізу мүмкін емес. Маған өте ұнады, титтей де қорқыныш сезімі болған жоқ", – дейді Рахым Сарқұл. Аттракцион қожайыны көптен көкейде жүрген арманының орындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, кәсіби мамандар әуе шарын 2000 метр биіктікке дейін көтере алады. Ал әуесқойларға 150 метр биіктікке көтерілуге рұқсат етіледі. Аэростат корзинасына төрт адам сияды. Әуе шары үш арқанмен жерге бекітілген. Аттракцион бағасы – 1000 теңге. "Әуе шарын ең алғаш 1997 жылы Алматыда көрген едім. Содан бері құмарым артты. Аэростатпен ұшуды оқып үйрендім. Содан "қашан осындай әуе шарын аламын" деп армандай бастадым. Міне, арманым орындалды. Жолдастарыммен қосылып, әуе шарын Ресейден тапсырыс арқылы, ал корзинаны Франциядан алдырттық" – дейді аэростат қожайыны Ахмет Дәуленбаев.
"Шымкент қаласында кәсіби мамандардың басқаруымен 2000 метр биіктікке дейін көтеріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына шым шаһарды төбеден тамашалауға мүмкіндік беретін жаңа аттракцион-әуе шары іске қосылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеарнасына сілтеме жасап.
Білетіндердің айтуына қарағанда, жүйкесі жұқа жандар бұл ойын-сауықтан бойын аулақ ұстағаны абзал. Десе де, қазірге қала сұлулығын биіктен тамашалауға тілек білдірушілердің қатары көп көрінеді. Олардың арасында жас балалар да, жасы ұлғайған қариялар да жетерлік.
Әуе шарымен ең алғаш болып 70 жастағы ерлі-зайыпты Сарқұлдар ұшқан. Олар аэростатпен 25 қабат үйдің биіктігіндей деңгейге көтерілген. "Мынандай биіктіктен қала алақандағыдай көрінеді екен. Алған әсерді жеткізу мүмкін емес. Маған өте ұнады, титтей де қорқыныш сезімі болған жоқ", – дейді Рахым Сарқұл.
Аттракцион қожайыны көптен көкейде жүрген арманының орындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, кәсіби мамандар әуе шарын 2000 метр биіктікке дейін көтере алады. Ал әуесқойларға 150 метр биіктікке көтерілуге рұқсат етіледі. Аэростат корзинасына төрт адам сияды. Әуе шары үш арқанмен жерге бекітілген. Аттракцион бағасы – 1000 теңге.
"Әуе шарын ең алғаш 1997 жылы Алматыда көрген едім. Содан бері құмарым артты. Аэростатпен ұшуды оқып үйрендім. Содан "қашан осындай әуе шарын аламын" деп армандай бастадым. Міне, арманым орындалды. Жолдастарыммен қосылып, әуе шарын Ресейден тапсырыс арқылы, ал корзинаны Франциядан алдырттық" – дейді аэростат қожайыны Ахмет Дәуленбаев.