16 қараша 2016 | 11:57

Шымкентте жол үстін былғаған құрылыс компаниялары асфальтты жуып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ұқыпсыз құрылысшылар жол үстін жууға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте ұқыпсыз құрылысшылар жол үстін жууға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүк көліктері лас дөңгелектермен жүргені үшін жазаланған құрылыс компаниясы жол үстін шлангтан аққан сумен жууға мәжбүр болды. Былғанған жол үстін көлік мердігерлері полицияның бақылауымен тазалады. Жергілікті полиция қызметкерлері айыппұл жазып берумен қатар, осындай жаза қолдану нәтижелі болатынын айтады. 

"Жаңбыр жауа бастағанда жүк көліктері дөңгелектеріне балшық жабыстырып алып, құрылыс орнынан көшеге шығады. Лайдың барлығы асфальт бетінде қалады. Осыдан кейін қандай тазалық туралы айтуға болады? Оның үстіне жол бетін бүлдіруге тыйым салатын заң барын еске салғым келеді. Біз Шымкенттің Қаратау ауданында тексеріс жүргіздік, осы ауданда құрылыс өте көп. Ереже бұзушылар анықталып, жазаланды. Оның үстіне айыппұл төлеумен қатар, көліктерінен қалған іздеерді де жуып-шаяды", - дейді ЖПҚ басшысы Данияр Мейрхан.

Полицейлер өзінің көліктері үшін жуатын орын жабдықтамаған 6 компанияны жауапкершілікке тартқан. Ал мұндай талап қала әкімдігімен қойылған. Жолды бүлдіру бойынша айыппұл көлемі 2 АЕК болады екен. 

Ал компаниялар сот шешімі бойынша 30 АЕК төлеуі керек болады. Оның үстіне лас дөңгелегімен шыққан жүк көліктері үшін өз есебінен жол үстін жуатын болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети