Шымкентте ұрыны ұстаған полицейлер оны бейнекамерадан көріп, күлкіге қарық болды, - деп хабарлайды "КТК". Сұғанақты сырттай бақылап тұрған тәртіп сақшылары, дүкеннен шыға берісте қолына кісен салып әкеткен.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, тапа-тал түсте дүкенге кірген жігіт қожайынның жоқ екенін көріп, бірден суырмаларды ашып ақша іздей бастайды. Оның бұрын осы жерге келіп жүргені байқалады. Ол еш бөгелместен теңге тұруы мүмкін түкпірлерді қарап шыққан. Бірнеше минут ішінде жарты дүкенді ақтарған ол бар болғаны екі мың теңге тапқан. Тек дүкеннің шыға берісінде оны бейнекамерадан көріп тұрған күзетшілер мен полицейлер күтіп алды. Енді оңай жолмен пайдаға кенелгісі келген ұры екі мың теңге үшін үш жылын темір торда өткізуі мүмкін.