25 тамыз 2019 10:35

Шымкентте саяхатшыға шабуыл жасады деген күдікпен үш адам ұсталды

Видеодан алынған кадр

Шымкентте украиналық велосаяхатшыға шабулы жасап, тонаған күдіктілер ұсталды. Шымкент қаласының кәмелетке толмаған үш тұрғынынан (17 жастағылар) ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте украиналық велосаяхатшыға шабулы жасап, тонаған күдіктілер ұсталды. Шымкент қаласының кәмелетке толмаған үш тұрғынынан (17 жастағылар) ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Владимир Галигузов әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне және Шымкент қаласының әкімшілігіне алғыс білдірді. Шымкент велоқауымдастығының мүшесі Андрей есімді азамат саяхатшының велосипедін жөндеп берді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Шымкентте соққыға жығылған украиналық турист қонақүйге орналасты. Жергілікті БАҚ-тарда жарияланған хабарламалардан соң биліктегілер мен кәсіпкерлер велосаяхатшы Владимир Галигузовқа қонақүйде тегін тұра тұруға шақырды. Турист енді жарақаттары жазылғанша осы қонақүйде болады.

Басылымның мәліметінше, шымкенттіктер велосаяхатшыға күнделікті келіп, көмек көрсетіп тұрады.

"Осы болған жағдай менің әрі қарай саяхаттауымды жалғастырып, Шымкент және оның тұрғындары жайлы ойымды өзгертпейтініне сенімдімін", - дейді украиналық турист.

Еске салайық, Шымкентте белгісіз біреулердің шетелдік велосаяхатшыны соққыға жығып, тонап кеткені жайлы хабарланған еді. Владимир Галигузов екі аяқты көлігімен Азияны аралауға шыққан. Ол Қырым, Ресей мен Өзбекстанның бірнеше қалалары мен тау-қыраттарында болып, 4 мың шақырымдай жолды артқа тастап үлгеріпті. Саяхатшыны сабап, тонап кеткендерді қазір полиция іздестіріп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram