21 тамыз 2019 09:19

Шымкентте шетелдік велосаяхатшыны соққыға жығып, тонап кеткен

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana TV © Astana TV

Шымкентте белгісіз біреулер Украинадан келген велосаяхатшыны сабап, артынша тонап кеткен. Бұл туралы Astana TV хабарлады. 


Шымкентте белгісіз біреулер Украинадан келген велосаяхатшыны сабап, артынша тонап кеткен. Бұл туралы Astana TV хабарлады. 

Велосаяхатшыға медициналық алғашқы көмек көрсетілген, қазір шатырында жатыр. Оның айтуынша шатырда ұйықтап жатқан оған белгісіз үшеу тап берген. Соққыға жығып 1 мың долларын, азын-аулақ теңгесі мен керек-жарағы салынған сөмкесін әкетіпті. Саяхатшы жыл сайын шайтанарбамен жер шарын аралап шығады. Алайда қарақшыларға бірінші рет тап болдым деп отыр.

"Мен ну орманда да, су астындағы үңгірлерде де болдым. Араламаған жерім жоқ. Саяхаттап бәрін көргім келеді. Ал мұндай сорақылық өмірімде бірінші рет болып тұр. Олар маған әдейі, тонау мақсатымен шабуылдағаны анық", - деді велосаяхатшы Владимир Галигузов. 

Владимир Галигузов екі аяқты көлігімен Азияны аралауға шыққан. Ол Қырым, Ресей мен Өзбекстанның бірнеше қалалары мен тау-қыраттарында болып, 4 мың шақырымдай жолды артқа тастап үлгеріпті. Саяхатшыны сабап, тонап кеткендерді қазір полиция іздестіріп жатыр. Шетелдік азаматқа әзірге жергілікті қайырымды жандар қол ұшын созып жатыр. Олар күнделікті тамағы мен дәрісін әкеліп жүр.

"Қазір аз-маз ақша жиып, оған велосипедіне қажет құрал-саймандарын, дәрі-дәрмегін түгендеп бермекшіміз. Ол өзі ұяңдау адам, не керегін де айта қоймайды. Барынша көмектескіміз келеді", - деді Шымкент тұрғыны Георг Киселев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети