23 тамыз 2019 | 09:37

Шымкентте соққыға жығылған туриске тұрғындар көмек көрсетіп жатыр

Видеодан алынған кадр

Шымкентте соққыға жығылған украиналық турист қонақүйге орналасты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте соққыға жығылған украиналық турист қонақүйге орналасты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жергілікті БАҚ-тарда жарияланған хабарламалардан соң биліктегілер мен кәсіпкерлер велосаяхатшы Владимир Галигузовқа қонақүйде тегін тұра тұруға шақырды. Турист енді жарақаттары жазылғанша осы қонақүйде болады.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, шымкенттіктер велосаяхатшыға күнделікті келіп, көмек көрсетіп тұрады.

"Осы болған жағдай менің әрі қарай саяхаттауымды жалғастырып, Шымкент және оның тұрғындары жайлы ойымды өзгертпейтініне сенімдімін", - дейді украиналық турист.

Еске салайық, Шымкентте белгісіз біреулердің шетелдік велосаяхатшыны соққыға жығып, тонап кеткені жайлы хабарланған еді. Владимир Галигузов екі аяқты көлігімен Азияны аралауға шыққан. Ол Қырым, Ресей мен Өзбекстанның бірнеше қалалары мен тау-қыраттарында болып, 4 мың шақырымдай жолды артқа тастап үлгеріпті. Саяхатшыны сабап, тонап кеткендерді қазір полиция іздестіріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная