21 сәуір 2022 | 08:58

Шымкентте таксист жұма сайын зейнеткерлерді тегін тасиды

Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Шымкенттіктер 52 жастағы Асан Бохаевты мейірімді таксист деп атайды. Ол екі жылдан бері қарттарға жұма сайын тегін қызмет етеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттіктер 52 жастағы Асан Бохаевты мейірімді таксист деп атайды. Ол екі жылдан бері қарттарға жұма сайын тегін қызмет етеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бұған дейін ер адам түрлі жұмыс істеген, базада көмір де сатқан. Ауыр жұмыс оның денсаулығына әсер еткен. Асан Бохаев инсульт алған. Реабилитация кезеңінде ер адам қарттарға көмектесу керек деп ойлаған. 

"Инсульт алдым. Қайта оңалу кезеңінде идея келді. Зейнеткерлерді тегін тасуым керек деп шештім. Бірақ жастардан ақша аламын. Бензиннің ақшасын шығарып алуым керек", - дейді Асан Бохаев. 

Шымкенттіктер Асанның әрекетін басқа да жүргізушілер қолдайды деп сенеді. 

"Өз басым таксист адамарды тегін тасиды дегенге сенбедім. Артынша, жүргізуші адамдарды ауруханадан тасып жатқанын өз көзіммен көрдім. Жұма күні ол кісіні күтіп, сол кісімен кететін адамдарды көрдім", - дейді Шымкент тұрғыны Ақназар Арыслан.  

Асан Бохаев бір күнде шамамен 30 зейнеткерді тасиды. Оның сөзінше, осылайша, оның көңіл күйі де көтеріледі.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети