Шымкенттік адал жүргізуші Желі қолданушыларын тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік адал жүргізуші Желі қолданушыларын тәнті етті

Шымкент тұрғыны көлігінің бамперін сырып кеткен жүргізушінің әрекетіне тәнті болды. Айыпты ақша мен хат қалдырған. Бұл туралы Instagram желісіндегі shymkent.city парақшасында хабарланды.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент тұрғыны көлігінің бамперін сырып кеткен жүргізушінің әрекетіне тәнті болды. Айыпты ақша мен хат қалдырған. Бұл туралы Instagram желісіндегі shymkent.city парақшасында хабарланды.  

"Кешіріңіз, өтінемін. Сіздің бамперіңізді сырып  кеттім, байқамай қалыппын. Бұл ақша аз болса, хабарласыңыз", - деп жазған жүргізуші 2 мың теңге қыстырып кеткен. 

Көлік иесі бамперінің болмашы ғана сырылғанын хабарлады. "Саналы азамат екен, рақмет. Ал сіздер адамдар зұлым дейсіздер. Осындай адал ісі үшін телефон да соқпадым. Жолдарыңыз болсын", - деп жазды ер адам. Осы жазбаға көптеген қолданушы ер адамның ісіне тәнті болғанын жазып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети