Әлеуметтік желілерде жүкті әйел мен дәрігердің перинаталдық орталықта би билеген сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жүкті әйел мен дәрігердің перинаталдық орталықта би билеген сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Шымкенттегі облыстық перинаталдық орталықта болған. Роликте жүкті әйел толғақ қысса да шыдап, көңілді әнге дәрігерімен бірге би билегені көрінеді.
"Үздік дәрігер атағының жауапкершілігі де көп. Бәріне әрдайым ашық әрі көңілді болуың керек! Қайда жүрсең де алда болуың керек! Біздің Дәулет Яминұлы да бірінші болып челленджді қолдады!!! Дәрігеріміздің зор тәжірбиесіне позитивті қосып едік, іс алға шапты! Осындай керемет көңіл-күймен, бимен біздің тамаша Гауһарға (@mums_little_kittens) аса жауапты кезең оңай өтті! Керемет әсер қалдырды!", - делінген видео сипаттамасында.
Видео сипаттамасында Гауһардың жүктілігінің бірінші кезеңі екені айтылады. Би кезінде толғақ қысып, үзіліс жасауға да тура келіпті. Бірақ толғақ қысудың аяқталуын күтіп, биді олар қайта жалғастырыпты. Нәтижесінде әйел оңай әрі тез босаныпты.
"Ауыртпашылықсыз, жарақатсыз! Дүниеге сұлу дүниеге келді!!! Біздің кішкентай ханшайым алаңсыз үлкен тату отбасында өсе берсін! Оны үйінде төрт әпкесі мен ағасы күтіп оты!!!", - деп жазылған сипаттамада.
Желі қолданушылары әйелдің жанкештілігіне риза болса, әзілге бүйрегі бұрған дәрігеріне де мақтау сөз айтылып жатыр.