Шымкентте тағы бір жас отбасы үйлену тойы күні ерекше қадамға барды. Той күнгі серуеннің орнына Еркебұлан мен Дария 300 азаматқа тегін палау таратты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Шымкентте тағы бір жас отбасы үйлену тойы күні ерекше қадамға барды. Той күнгі серуеннің орнына Еркебұлан мен Дария 300 азаматқа тегін палау таратты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
© 24.kz
"Қазіргі жастар үйленген кезде қыдыруға, түнгі клубтарға көп ақша жібереді. Қаржыны оған жаратқанша, тұрғындарға берген өте дұрыс деп ойлаймын. Өзіміздің қазақы ата-бабалар тәрбиесінде қалайық, бір-бірімізге мейірімді болайық", - деді күйеужігіт Еркебұлан Жолдасов.
Еркебұлан Жолдасов. © 24.kz
Бұл Шымкенттегі үйлену тойы күні жасалған алғашқы қайырымдылық шарасы емес. Бірнеше апта бұрын Мейірман мен Сәния үйлену тойы күні балалар үйінде дастархан жайған болатын.