Шымкенттіктер "коронавирустан" эвакуациялау видеосынан шошып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттіктер "коронавирустан" эвакуациялау видеосынан шошып қалды Фото: instagram.com/shymkent_tjd

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінен коронавирус жұқтырған адам табылды деген мазмұнда видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінен коронавирус жұқтырған адам табылды деген мазмұнда видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкентте коронавирус. "Шымкент-Плазада" жаңа бір адамды алып кетті. Қазір бәрін эвакуациялап жатыр", - дейді тарап жатқан видеодағы ер адам даусы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент Онлайн (@shymkent.online)

"Адамдардың коронавирус тіркелуіне байланысты "Шымкент Плаза" сауда үйінен эвакуацияланған сәті түсірілген видеоролик шындыққа жанаспайды", - деді Шымкент ТЖД өкілдері. 

3 наурызда 10:00-де сауда үйінде Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі оқу-жаттығу өткізген. 

Хабарламада Шымкентте коронавирус тіркелмегені айтылған.

Кейін бұл видеоны Шымкент тұрғыны Әлібек Әмзеевтің түсіргені белгілі болды. Ол жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shymkent qalasynyń ТJD (@shymkent_tjd)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети