Сирия азаматы Жамбыл облысы әкімінен көмек сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кәрім Көкірекбаев ©Ztgzt.kz Кәрім Көкірекбаев ©Ztgzt.kz

Сирия азаматы Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаевтан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сирия азаматы Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаевтан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс басшысы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты. 

"Жуырда мен бір сириялық азаматты қабылдадым. Ол Жамбыл облысында қазақ қызына үйленіпті, 3-4 баласы бар. Ол маған келіп пәтер беруімді және жұмысқа орналасуға көмектесуімді сұрады", - деді Көкірекбаев.

Соған қарамастан, әкім Жамбыл облысына Украинадан босқындардың көшіп келіп жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Журналистердің қойған сұрағына жауап берген ол: "Біз бұл туралы Интернеттен оқыдық, мұндай дерек жоқ", - деді. 

Еске сала кетейік, жергілікті БАҚ-тар Украинадан 20 азаматтың елдің оңтүстік шығысында болып жатқан соғыс қимылдарынан қашып, Тараз қаласына келгені жайлы хабарлаған болатын. Босқындардың бірінің құжаты Жамбыл облысы ІІД көші-қон полициясында рәсімделіп жатыр. Бұдан басқа, "Новый регион" порталының мәліметінше, Жамбыл облыстық көші-қон ведомствосында өз отанын тастап, Тараз қаласында тұруды шешкен сириялық Альмухамад Свейда-Айеш Хасан деген азамат тіркелген. Медициналық білімі бар ер азамат Жамбыл облысындағы "Нұр Отан" партиясының филиалына мамандығы бойынша жұмысқа тұруға көмектесуін сұрап барған. Сириялықтың айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазақстандық заңнама нормасына сәйкес, оған медицинада гастроэнтерология саласында жұмыс істеуге құқық бермей отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro