Соққысыз жығылған боксшы YouTube жұлдызы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соққысыз жығылған боксшы YouTube жұлдызы болды © Youtube

Аргентиналық боксшы Маркос Мартинес Доминикан спортшысы Браулио Родригеспен жекпе-жегінен кейін YouTube жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентиналық боксшы Маркос Мартинес Доминикан спортшысы Браулио Родригеспен жекпе-жегінен кейін YouTube жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Уругвайдың Монтевидео қаласында 8 тамызда өткен жекпе-жектің видеосын 1,5 миллион адам көріп үлгерді. Жекпе-жектің екінші раундында Родригес техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Аргентиналық боксшы рингке құлап, өз бұрышына бара жатқан жолда құлап қалды. Дегенмен видеодан Мартинестің басына бірде-бір соққының тимегенін көруге болады.

Интернетте аргентиналықтың нокаутқа түсуі туралы көп пікір жазылды. "Бұл Микки Руктың жекпе-жегінен де жаман", - деп жазды Check Hook Boxing форумының қолданушысы былтырғы күзде Мәскеуде өткен Голливуд актерінің жекпе-жегін нұсқап.

24 жастағы Мартинес 17 жеңіске қол жеткізген, 3 рет жеңілген. Ол екінші  жеңіл салмақта сынға түседі.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети