03 қараша 2020 09:09

"Сөзіңе жауап бересің". Өскемен әкімі әлеуметтік желіде пікір жазған тұрғынмен жеке кездесті

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен азаматтық белсенді Александр

Өскемен әкімі Жақсылық Омар мен жергілікті тұрғын арасындағы дауға нүкте қойылды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Лесбекұлы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен әкімі Жақсылық Омар мен жергілікті тұрғын арасындағы дауға нүкте қойылды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Лесбекұлы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұған дейін Александр есімді азаматтық белсенді әкіммен сөзге келісіп қалған. Алайда артынша әкім мен қала тұрғыны кездесіп, бетпе бет сөйлескен. 

Реклама
Реклама

"Бүгін пікір авторы Александр @sanko999 мен Жақсылық Омар @zhaksylyk_omar жеке кездесіп, тіл табысып, билікті сынау орынды екенін, алайда пікір конструктивті болуы керегін және ол адамның жеке басына өтіп кетпеу керегін айтты. Бұл дауға нүкте қойылды", - делінген хабарламада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alibek Lesbekuly (@alibek_lesbekuly) 1 Ноя 2020 в 11:18 PST

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде блогер мен Өскемен әкімі жазысқан хабарламаның скриншоты тарап жатқаны белгілі болды. 

Шығыс Қазақстан облысының блогері Александра Осипова Instagram желісіндегі парақшасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен жазысқан хабарламаның скриншотын жариялады.

Скриншотқа қарағанда, қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға "сөзің үшін жауап бересің" деп жазған. Ал Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желілердегі хабарламаға түсінік берген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram