26 қазан 2020 17:01

"Сөзіңе жауап бересің" - Әкім блогерге жазған жауабын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде блогер мен Өскемен әкімі жазысқан хабарламаның скриншоты тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде блогер мен Өскемен әкімі жазысқан хабарламаның скриншоты тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының блогері Александра Осипова Instagram желісіндегі парақшасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен жазысқан хабарламаның скриншотын жариялады. 

Скриншотқа қарағанда, қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға "сөзің үшін жауап бересің" деп жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александра Осипова (@sandra_ouz)

Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желілердегі хабарламаға түсінік берді.

"Кеше әлеуметтік желіде ешқандай фактілерге немесе дәлелдерге емес, тек эмоцияларға негізделген хабарлама тарады. Мені екіжүзді адам деп санағаны мені қорлау деп санаймын. Әрине, мен мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын сөздерді былай қалдыра салмаймын.

Мен ол адамға қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтқанда, ол мұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ұстануға шақыру емес, оны қорқытып жатыр деп түсінді. Мен әрқашан негізі бар шағымдарды тыңдауға дайынмын. Бірақ сіздер сияқты мен де мені біреудің эмоцияға беріліп, қорлауына жол бермеймін", - деді қала әкімі.

Әкім құқық бұзушыны заңда көзделген тәртіппен жауапқа тартуға ниетті екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети