Астаналық "Спарта" командасы КВН ойындарының Жоғары лигасындағы бірінші 1/8 финалында 1-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Клубтың сайтындағы трансляцияға сілтеме жасап.
Астаналық "Спарта" командасы КВН ойындарының Жоғары лигасындағы бірінші 1/8 финалында 1-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Клубтың сайтындағы трансляцияға сілтеме жасап.
Жүргізушілерінің айтуынша, "Спарта" командасы сәлемдесу байқауында да үздік өнер көрсеткен.
Ал музыкалық байқауда "Спарта" "Ла-Ла-Лэнд" фильмінің өз нұсқасын көрсеткен. Ойыншылар фильмнің атауын "Ха-ха Лэнд" деп өзгерткен. Сондай-ақ, сахнаға "Казахи" командасының бұрынғы ойыншысы Гүлнар Сілбаева да шықты.
Айта кетейік, қазылар алқасы "Спартаның" өнерін жоғары бағалады. Ойын қорытындысы бойынша мына командалар 1/4 финалға өтті: "Спарта" (Астана), "Проигрыватель" (ТГУ , Тамбов) және Калининград облысының құрамасы.
Ойын қорытындысы:
"Спарта", Астана - 11 ұпай;
"Проигрыватель", Тамбов - 9,7 ұпай;
Калининград облысының құрамасы - 9,6 ұпай;
ГУУ және МИСиС жоғарғы оқу орындары, Мәскеу - 9,5 ұпай;
"Приказ 390", ФСИН Ресей - 9,5 ұпай;
"НАТЕ", Брюховецкая, Краснодар - 8,3 ұпай.
Ал қазылар алқасында Константин Эрнст, Юлий Гусман, Дмитрий Нагиев, Валдис Пельш, Михаил Галустян және Константин Лароненко болды.
Айта кетейік, 1/4 финал 26 ақпанда Бірінші арнадан көрсетіледі.