07 тамыз 2015 10:45

Спортшы 13,5 миллион доллар садақа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© motto.net.ua © motto.net.ua

Спортшы 13,5 миллион доллар садақа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.


Спортшы 13,5 миллион доллар садақа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Танымал швейцариялық теннисші Роджер Федерер Малави елінде білім мекемелерін салуға 13,5 миллион доллар қаражатын садақа етті. Спортшының садақасына жалпы саны балаларға арналған 81 мектеп, балабақша ғимараты тұрғызылады.

"Ірі көлемдегі садақа Африка құрлығындағы тұрмыс тауқыметін көрген отбасы балаларының болашағы үшін, балалар мекемесін салуға жұмсалмақшы", - делінген жарияланымда.

© muftyat.kz

Айта кетейік, Роджер Федерер Credit Suisse Швейцар банкі арқылы игі жобаға 10 жылдан бері үн қосып келеді. Ол 2009 жылдан бері осы ұйымның беделді ұйымдастырушы тұлғасы. Оның Швейцар банкімен жасасқан келісімшарты да 10 жылға жоспарланған. Credit Suisse банкінің Федерерге жыл сайын 8 миллион доллар төлеуге міндеттелгені белгілі.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети