ШҚО тұрғыны өзін өлімнен арашалаған адамды 7 ай іздеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО тұрғыны өзін өлімнен арашалаған адамды 7 ай іздеді © Frant.me

ШҚО тұрғыны өзін өлімнен арашалаған адамды 7 ай іздеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО тұрғыны өзін өлімнен арашалаған адамды 7 ай іздеді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Шүлбі тұрғыны Николай Заставин өткен жылы наурыздың аяғында су қоймасының жағалауында серуендеп жүріп, мұз үстінде жатқан затты алу үшін жақын барыпты. Сол сәтте мұз жарылып, ол су түбіне кеткен. Алайда сол маңнан өтіп бара жатқан жігіт көмекке келіп, оны мұзды судан аман алып шығыпты. 

"Заставинді өлімнен арашалап қалған жігіт бірден такси ұстап оны үйіне жеткізген. Алайда қатты қорқып қалған Николай Заставин оның аты-жөнін де сұрамапты", - делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметінше, Заставин ол жігітті 7 ай іздеген. Кейін оның өрт сөндіру қызметінің старшинасы Дәурен Әбілқасенов екені анықталды. Заставин Семейдің төтенше жағдайлар басқармасына хат жазып, оны марапаттауды сұрады. Кеше Әбілқасеновке ІІМ басшысының атынан медаль табыс етілді. Ал ТЖБ-дағы оның әріптестері Әбілқасеновтің батыл әрекеті туралы Заставиннің айтуынан кейін ғана білді. Ал Дәуреннің өзі қарапайымдылығынан болар, оқиға жайлы ешкімге тіс жармапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети