27 қаңтар 2014 | 17:40

Сіріңке шиінен Тәж-Махал кесенесін тұрғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет 24 KZ телеканалынан алынған Сурет 24 KZ телеканалынан алынған

"Талдықорған қаласында оқитын студент Айбек Бауржанұлы сіріңке шиінен Тәж-Махал кесенесінің макетін құрастырды. Макетті жасауға 77 мың 700 сіріңке жұмсалған" деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz. ақпарат құралына сілтеме жасап. Айбек Бауржанұлы 11 сыныпта оқып жүргенде-ақ Тәж-Махал ғимаратының макетін жасауға шешім қабылдаған. Сол шақта ол сәулетші болу туралы нақты шешім қабылдап, осы күрделі жұмысты қолға алған. Макет құрастырған жылдарда жас шебер жұмыстың өзіндік тәсілін ойлап тапқан. Мысалы, Тәж-Махал сәулет ғимаратының күмбезін жасау үшін, ол қарапайым үрлемелі шарды пайдаланған. Айбек Бауржанұлы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің машина жасау факультетінде оқиды. Десе де, ол оқуын одан әрі жалғастырып, сәулетші болуды жоспарлап жүрген көрінеді. Сондай-ақ ол, оқуын тек шет елде жалғастыруды қалайды екен. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін, Айбек Тәж-Махал кесенесінің макетін сатуға шешім қабылдапты. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астана қаласының тұрғыны Дамир Сматаев арнайы Нұрсұлтан Назарбаев үшін сіріңкеден Ақорда макетін құрастырған болатын. Бұл жұмысқа шебер екі жыл уақытын сарп еткен. Макетте тұпнұсқаның барлық элементтері, сондай-ақ мемлекеттік Ту мен Елтаңба да дәлме-дәл келтірілген. Дамир Сматаев өз жұмысын 1 желтоқсанда аяқтаған. Алайда жасаған жауһарын дәл мереке күні Елбасыға тапсырудың сәті келмеген еді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети