Қытайлық студенттің асқазанынан 14 сантиметрлік металл қасық алынды, - деп хабарлайды "24.kz" Shanghaiist басылымына сілтеме жасап.
Қытайлық студенттің асқазанынан 14 сантиметрлік металл қасық алынды, - деп хабарлайды "24.kz" Shanghaiist басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Қытайдың Ухань қаласындағы университет студенті металл қасықты жұтып қойып, ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы бойжеткен балмұздақ жеп, жатақханасына бара жатқан. Дәл сол сәтте студенттердің бірі оны итеріп жіберіп, бойжеткен қасықты жұтып қояды.
"Жәбірленушінің айтуынша, бастапқыда медициналық көмекке жүгінуді жөн санамаған. Алайда осы тәрізді оқиғаларды Интернеттен оқыған ол дәрігерге көрінуге бел буады. Дәрігерлер ішкі ағзаға еш зиян келтірместен, қыздың асқазанындағы қасықты небәрі 10 минут ішінде алып шықты", - делінген жарияланымда.