Студент қыз өз сүйіктісін әскерден алып қалудың "амалын" тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Студент қыз өз сүйіктісін әскерден алып қалудың "амалын" тапты ©tambov-times.ru

Ресейдің Кемерово қаласында 19 жасар студент қыз ұсталды. Ол әскери комиссариатқа звондап, оның ішінде жарылғыш зат бар деп хабар берген. Соның салдарынан ғимараттан 350 адамды басқа жерге көшіруге тура келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, кеше полиция бөлімшесіне Кемеровоның облыстық әскери комиссариатында жарылғыш зат бар деген хабар түскен. Бұдан кейін ол жерге қаланың барлық арнайы қызметтері тартылды. Әскери комиссариаттың аумағы қоршалып, ғимараттан 350 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың ішінде әскерге шақырылып жатқан 269 жас жігіт бар. Ғимаратты арнайы иттер толығымен тінтіп шықты. Алайда жарылғыш зат табылмады.  

Тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір студент қызды ұстады. Ол өз сүйіктісін әскерге жібергісі келмей, оның тағы бір-екі күндей қалада аялдағанын қалап, жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратуға бел буған. Енді, Ресей заңнамасына сәйкес, ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети