10 маусым 2014 | 14:54

"Су ресурстарын басқару" "Ақ бұлаққа" сенбей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Миллиардтарды сіміріп «Ауыз су» кетті, енді «Ақ бұлақ» жүктелген міндетті аяғына дейін жеткізбей жатып, «Су ресурстарын басқару» бой көрсетті. Білмейміз-ау, бірақ саны көп сапасы жоқ осы бағдарламалар баз біреулердің ақша жымқыруға ең қолайлы тәсілі деп қаламыз кейде... «Алаш айнасы» осы бір өзекті мәселенің қыр-сырына үңіліп көрген еді.


Иконка комментария блок соц сети

Миллиардтарды сіміріп «Ауыз су» кетті, енді «Ақ бұлақ» жүктелген міндетті аяғына дейін жеткізбей жатып, «Су ресурстарын басқару» бой көрсетті. Білмейміз-ау, бірақ саны көп сапасы жоқ осы бағдарламалар баз біреулердің ақша жымқыруға ең қолайлы тәсілі деп қаламыз кейде... «Алаш айнасы» осы бір өзекті мәселенің қыр-сырына үңіліп көрген еді.

UNICEF пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «қазіргі кезде әлем халқының таза ауыз сумен қамтылғаны 80 пайыздан асады» деген мәлімдеме жасағанын барша жақсы біледі. Олардың есебі бойынша 800 млн. жуық адам ластанған су пайдалануда. Ал олардың басым бөлігі, яғни «40 пайызы Африка мен оңтүстік Сахара халқы» дейді сарапшылар, бірақ мамандар Қазақстанда да лас су тұтынып отырғандардың аз емес екендігін біле ме екен? Дәл солай деп айтпаса да, БҰҰ келтірген деректермен бірқатар ғалымдар келісе қоймады. Көп ұзамай, Solidarities International атты француз қайырымдылық қоры таза ауыз суға «шөлдеп» отырғандардың саны 2 млрд. жуық екендігін жария еткен-ді, былайша айтқанда, ғаламшардағы әрбір төртінші адам таза ауыз суға зәру деген сөз бұл.

Таза ауыз сумен қамту мәселесі біздің Қазақстанда да «мәңгілік» тақырыпқа айналған. Айта кетейік, бүгінгі күні суынан шуы көп бұл саланы басқарып отырған Ислам Әбiшев. «Сыбайлас жемқорлықпен табанды күрес жүргізіп жүрміз үнемі» дейтін оның сөзіне сенгің келеді әрине. Рас, бөлінген қаржыны жымқырып сотты болғандар жоқ емес. Алайда құмға сіңгендей жоқ болған ол қыруар теңгелер теңіздің бір тамшысындай ғана.

Ақша демекші, 2002-10 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасына үкімет 200-ге жуық миллиард теңге бөлсе (басы дауға байланған бұл бағдарламаны қазір үкімет есіне де түсіргісі келмейді), 2011-20 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының еншісіне жалпы сомасы 1,3 триллион теңге қарастырылса керек, оның 1,2 триллионы республика қазынасынан, ал 109 миллиарды жергілікті бюджет есебінен. Иә, былай қарасаңыз, еліміздің 17 миллионнан астам халқын түгел дерлік таза ауыз суымен қамтамасыз етуге молынан жететін қаржы. Алайда, су проблемасы әлі ашық күйінде тұр. Есесіне, «Ақ бұлаққа» бөлінген қаржыны талан-таражға салыпты» деген жағымсыз ақпараттар «менмұндалай» бастады. Ондай болса, «Ақ бұлақтың» «Ауыз су» бағдарламасының кебін кимесіне кім кепіл?

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети