27 маусым 2016 | 17:33

Суретші Паша Кас Желіде жаңа манифестің видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Қазақстандық стрит-арт суретші Паша Кас Желіде жаңа манифестің видеосын жариялады. Өзінің жұмысын ол "This is silence" деп атады, аударғанда "Бұл үнсіздік" дегенді білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық стрит-арт суретші Паша Кас Желіде жаңа манифестің видеосын жариялады. Өзінің жұмысын ол "This is silence" деп атады, аударғанда "Бұл үнсіздік" дегенді білдіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей ядролық полигоны нысандарының бірінде Паша Кас Эдвард Мунктың "Айғай" картинасын салған. Онда ол қанды қызыл аспанның астында адамның айғайлап тұрғанын бейнелеген. "Айғай" картинасы - XX ғасырдағы экспрессионизмнің белгісі. Картинадан автор революциялар мен экологиялық апаттарға көз жүгіртіп, оларды жеңу немесе алдын-алу мүмкіндіктерін жоққа шығарып отырған сияқты", - деп түсіндірді Паша өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Сонымен қатар, манифест ядролық қаруларды Қазақстан аумағында көму мәселесіне назар аудартады. Суретші видеороликте 1945 жылдың тамыз айында АҚШ-тың Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбасын еске салады. Айта кетейік, ол жарылыста 170 мыңға жуық адам зардап шеккен болатын.

"1949 жылдан бастап Семей полигонында 616 ядролық бомба жарылып, 1,5 миллион адам зардап шекті. Қазақстан XXI ғасырда ядролық қаруларды көметін жерге айналды. Бұл - үнсіздік. Сұмдық. Қылмыс", - деп қорытындылады сөзін суретші.

Еске салайық, суретші Паша Кас Павлодарда маусым айының басында үйдің қабырғасына сурет салған болатын. Суретші картинада қызыл түтін шығарып жатқан зауыттардың суреттерін бейнелеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети