Сыныптастар 20 жылдық кездесуінде жалғызбасты анаға баспана сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыныптастар 20 жылдық кездесуінде жалғызбасты анаға баспана сыйлады Видеодан алынған скриншот

Түркістан облысы Шұбарсу елді мекенінде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған сыныптастар жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады. Қуанышты сәттің видеосын актер Мадияр Серікбаев Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Шұбарсу елді мекенінде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған сыныптастар жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады. Қуанышты сәттің видеосын актер Мадияр Серікбаев Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Түркістан облысы Шұбарсу елді мекенінің 1985 жылы туған жастары 20 жылдық кездесу ұйымдастырды.

"Асқақ арманын арқалап үлкен қалаға кеткен әр түлек, туған жердің, ауылдың жағдайына үнемі алаңдап жүреді. Биылғы 20 жылдық кездесуде бір мұқтаж отбасына баспана сыйлады", - деп жазды актер.

Мадияр Серікбаев Луиза Садықова деген жалғызбасты, көпбалалы анаға үй берілгенін хабарлады.

"Бір баласы қатарынан қалып, ақыл-есі дамымай қалса, енді бір баласы интернатта оқиды. Балалардың тұңғышы 12 жаста екен.

Тағдыр тауқыметін кешіп, осы күнге дейін жоққа сабыр, азға қанағат еткен ана баспаналы болып, қатты қуанды", - дейді ол.

Видеодан қуанышты сәтті бөлісіп, кілт табыстауға Нұржан Төлендиев келгенін көруге болады. Ол кадрларда баспананы мектеп тәмамдағанына 20 және 30 жыл толған түлектер мен "Харекет" қоры бірлесіп сыйлағанын айтады.  

Мадияр Серікбаев сазгер Асан Пердешов бастаған ауыл түлектері мен жомарт жандарға алғыс айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадияр Серікбаев (@madiyar_serikbayev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети