Шымкенттіктердің қыз алып қашушыларға қалай қарайтыны видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттіктердің қыз алып қашушыларға қалай қарайтыны видеоға түсірілді Скриншот youtube.com сайтынан алынды

Қазақстанда қыз алып қашу: шымкенттіктердің қыз алып қашушыларға қалай қарайтыны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл экспериментті TVK телеарнасының журналистері ұйымдастырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қыз алып қашу: шымкенттіктердің қыз алып қашушыларға қалай қарайтыны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Бұл экспериментті TVK телеарнасының журналистері ұйымдастырды.

Қыз алып қашу әрекеті Шымкенттің қақ ортасындағы Орталық әмбебап дүкеннің қасында ұйымдастырылған. Ол жерде жасыл көйлек киген қыз жалғыз өзі қыдырып жүреді. Сол уақытта екі жігіт қыздың қасына келіп, оны күшпен көліктеріне  отырғызбақ болады. Сол сәтте жігіттердің қызды күштеп әкетіп бара жатқанын көрген көптеген тұрғындар теріс айналып, өз жөнімен кете барған. Алайда қала тұрғындары арасында қызды құтқарып қалмақ болғандар да табылды. Журналистердің "Сіз неге араша түстіңіз?" деген сұрағына әлгі жігіт жауап бере алмады.

Бұл сценарий кейіннен Уалиханов көшесінің бойында қайталанды. Ол кезде қыздың шыңғырған дауысын естіген азамат қызға бірден көмекке келген. "Қыз көмек сұрап жатқанда қалай көмектеспейсің" , - деді ол. Ал "Восток" ықшамауданы аумағында ұйымдастырылған шараға қызға көмек көрсетер ешкім табыла қойған жоқ. Одан әрі бұл эксперимент Момышұлы көшесінде жалғасты. Журналистер ол көшеде де еш нәтиже шықпасын білгеннен кейін, қала тұрғындарының назарын өздеріне аудармақ болып, іске актерларды араластырған. Сол уақытта қызға араша түсушілер қатары бірден көбейе түскен. Журналистер бағдарламаны жасау барысында тұрғындарды мұндай мәселеге бей-жай қарамауға шақырып, қыз алып қашу біздің елде қылмыс болып саналатынын айтқан. 

Естеріңізде болса, бұған дейін әлеуметтік желілерде Оңтүстік Қазақстандағы қыз алып қашу оқиғасы көрсетілген болатын. Ол уақытта полицейлер бейнеге түсірілген қызды табуға ниеттенген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети