"Тауыспасаңыз обал болады". Алматылық жігіт OLX-та ерекше хабарландыру жасады

09 Қазан 2017, 09:50
0
"Тауыспасаңыз обал болады". Алматылық жігіт OLX-та ерекше хабарландыру жасады -

OLX порталында Дәулет есімді жігіт ерекше хабарландыру қалдырды. "Сізден қалған тамақты арзанға жеп тауысамын", - деп жазды алматылық.

"Көп тапсырыс бердіңіз бе, тамақ дәмді және оның барын жеп тауыса алмайсыз ба? Қалдық қалдырсаңыз - обал бола ма? Көңіліңізді түсірмеңіз, кез келген тамақты жеп тауысамын", - делінген мәтінде.


© olx.kz

Әлеуметтік желілерде "кедей студентке" бірден назар ауды. Хабарландыру WhatsApp арқылы тарай бастады. Қолданушылар бұл хабарлама жайлы оң да, теріс те пікір жазып жатыр. Көпшілігі мұны шын екен деп ойлап қалған. 

Хабарландыру авторы Tengrinews.kz тілшісіне оның досы әзілдегенін және мұның шындық емес екенін айтты. Алматылықтың айтуынша, оған бірнеше рет қоңырау соққандар болыпты. "Көпшілігі көңіл-күйімізді көтердің деп жатыр", - дейді жігіт.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай