ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2018 | 19:50
Тавакул Карман әйел құқығы, Нобель сыйлығы және отбасы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі, журналист Тавакул Карман Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі, журналист Тавакул Карман Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айтуынша, бұл оның Астанаға екінші сапары. Алғаш рет ол 2015 жылы келген екен.
Тавакул Карман сұхбатында Араб елдері әйелдерінің құқығы, Нобель сыйлығы және отбасы жайлы әңгімеледі.
"Осыдан 10 жыл бұрынғы Иемен әйелі мен қазіргі әйелдерді салыстырмай тұрып, жалпы әйелдердің тарихтағы бейнесі жайлы айтқым келеді. Әйелдердің өте мықты және бай тарихы бар. Біздің халқымыздың тарихында екі күшті патшайым болды. (...) Олардың кезінде ерлер мен әйелдер теңдігі сақталған деседі, ал қазір, өкінішке қарай, диктаторлыққа байланысты елдегі әйелдердің жағдайы нашарлады. Біз бұған қарсы күрестік, күресіп келеміз және күресеміз", - дейді Тавакул Карман.
Cондай-ақ, Тавакул Карман Нобель сыйлығына қатысты ойын айтты. Айтуынша, Нобель сыйлығы ол үшін зорлық-зомбылық қарсылық білдіргеніне берілген жоғары баға болды.
Ал отбасы жайлы сұраққа ол екі қызы мен бір ұлы бар екенін айтады.
Тавакул Карман сұхбат соңында Қазақстанға қатысты ойын айтты.
"(...) Қазақстан адамдары қатты ұнады. Қазақстанның бейбітшілік орнату жолындағы және Сирия сияқты мемлекеттердің маңызды тақырыптарын көтеру жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймын. Бұл елдің тұрғындары өте мейірімді және әйелдері мықты", - дейді Тавакул Карман.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также