Тбилисидегі су тасқыны кезінде қашып шыққан пингвин жанармай құю бекетінен табылды

© Supercoolpics.com

Тбилисидегі су тасқыны кезінде хайуанаттар бағынан қашып шыққан пингвин жанарай құю бекетінен табылды, - деп хабарлайды РИА Новости. 17 маусымда табылған пингвин хайуанаттар бағына қайтарылды. 

Еске сала кетейік, маусым айының ортасында болған су тасқынынан Тбилисидегі хайуанаттар бағының 300-ден астам жануары өлген болатын. Бақтан қашып кеткен жануарларды арнайы жасақ қызметкерлері өлтірген. "Хайуанаттар бағында 600-ге таяу мекендеуші болған, жартысынан көбі өлді. Қашып кеткен жыртқыштардың жартысы өлтірілді, жартысы арнайы қауіпсіз жерге тасымалданды. Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді мекеме әкімшілігінің өкілдері.

Сонымен қатар, Тбилисидегі су тасқынынан келген шығынның көлемі 40 миллион лари, яғни 18 миллион доллар екендігі анықталды.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама