Тбилисидегі су тасқыны: Хайуанаттар бағының 300-ден астам жануары өлді

15 Маусым 2015, 00:22
0
Тбилисидегі су тасқыны: Хайуанаттар бағының 300-ден астам жануары өлді -

Су тасқынынан Тбилисидегі хайуанаттар бағының 300-ден астам жануары өлді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің мәліметінше, бақтан қашып кеткен жануарларды арнайы жасақ қызметкерлері өлтірген. "Хайуанаттар бағында 600-ге таяу мекендеуші болған, жартысынан көбі өлді. Қашып кеткен жыртқыштардың жартысы өлтірілді, жартысы арнайы қауіпсіз жерге тасымалданды. Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді мекеме әкімшілігінің өкілдері.

Осыған дейін хайуанаттар бағының директоры Зураб Гуриелидзе арнайы жасақ бақ территориясында аңдарды қажетсіз өлтірген болуы мүмкін екендігін мәлімдеген болатын. Оның бұл жағдайды зерттеу керек екендігін айтқаны хабарланды.

Сонымен қатар, Тбилисиде жауған жаңбырдан болған су тасқынынан келген шығынның көлемі 40 миллион лари, яғни 18 миллион доллар екендігі анықталды. "Шығын әлі де есептеліп жатыр, алайда, ресми мәліметтер бойынша, 40 миллион лариге жетеді. Бүгін біз 10 миллион лари болатын жұмысқа кірістік", - деді қаржы министрі Нодар Хадури.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай