29 қыркүйек 2016 | 18:38

Тексерістен кейін ақын-прокурордың денсаулығы сыр берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Чертями" өлеңі арқылы Ғаламторда танымал болған Осакаровка ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың денсаулығы нашарлаған, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Чертями" өлеңі арқылы Ғаламторда танымал болған Осакаровка ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың денсаулығы нашарлаған, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Комиссия тексеріп жатыр, әзірше нәтижелер жоқ. Қашан боларын нақты айта алмаймын. Ол Отан туралы өлең жазғанда ешкім назар аудармаған, ал мына өлеңді бәрі қостап кетті. Оның денсаулығы нашарлады. Білуімізше, денсаулығына байланысты демалыста. Әзірше тексеру жүруде, басқа ештеңе айта алмаймын", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Денсаулығының нашарлағаны туралы тілшіге прокурордың өзі де айтып берді. Ол қарағандылықтарды өзінің шығармашылығын шу қылып көтермеуін сұрады. "Иә, мен денсаулығыма байланысты демалыстамын. Денсаулығым аздап сыр берді. Сондықтан бұл тақырыпты мыжғылай бермеуін сұраймын. Мен өлең жазам, мұнда тұрған ештеме жоқ. Мен шығармашылықпен жұмыстан бос кезде айналысамын, бұл қызметіме еш кедергі емес", - дейді Берік Ахметжанов. 

Берік Ахметжанов Қарағанды тумасы. 1969 жылы дүниеге келген. №30 орта мектепті аяқтаған. Әкесі ерте қайтыс болған. Оны және өзге де төрт баланы анасы жеткізген. Туыстары көмектескен. Отарда әскер қатарында болған. Прокурор поэзияға бала кезден әуес екен. 

"Бала кезден жазамын, қанымда бар болу керек. Негізі менің әкем Баянауылдан - Қазақстанның маржанынан. Ол жерде әр қазақ шетінен ақын. Мүмкін әркімнің ішінде ақын жатқан шығар. Біреулер бұл қабілетін басып тастайды, біреулер дамытады. Мен әр күні жазамын. Бір күнде екі, тіпті үш шығарма жазатын кездер болады. Көңіл-күйге байланысты! Заманауи жазушылар мен ақындарды жақсы көремін, классиканы да ұмытпаймын", - дейді прокурор.

Сонымен бірге ол нашар адамдар туралы ғана емес, патриоттық тақырыптарға да қалам тербейтінін айтады. Ол Отан, Қарағанды, спортшылар, оның ішінде Головкин мен Сәпиев туралы да жазған. Барлығы екі мыңдай өлеңі бар екен.  Жартысына жуығын авторлық жинақта басылып шығарылған. Сонымен бірге, Берік Мұратұлы өлеңдеріне ән жазатын композитор Марат Бекішевпен біріге жұмыс істейді. 2011 жылы олардың біріккен еңбегі нағыз шлягер болған. Прокурордың жоспарында екінші өлеңдер жинағын шығару бар.

Берік Ахметжанов спортқа да әуес. Бала кезден футбол мен баскетбол ойнаған. Жеңіл атлетика, бокс, күрес, гандбол, каратэмен айналысып, штанга көтерген. Пауэрлифтингтен спорт шебері. Шеберлер арасында штанга көтеруден Қазақстан мен құрлық біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақстан құрамасының мүшесі. Прокуратура органында қызметін ең төменнен бастаған. Саран қаласының прокуроры қызметіне дейін өскен. Павлодардың табиғат қорғау прокуратурасында істеген. 

Естеріңізге салсақ, Осакаровка ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың "Чертями" өлеңі түсірілген ролик Ғаламторда пайда болып, қызу талқыға түскен. Желіде біреулері прокурор шығармашылығын қолдаса, екіншілері қызметтегі адам жаргон сөздерді қолданбау керек деген еді. Прокурордың өзі шығармашылық қызметіне бөгет емес деген ойда. "Өлең - ол жеке шаруа", - дейді ол. Заманауи ақынның сөзінше, бұл өлеңді жазу ойы жеке тәжірибесінен туындаған. Бір жыл бұрын ол жеке пайдасы үшін оны аяқтан шалуға дайын адамды жолықтырған. "Чертями" өлеңі дәл осындай адамдарған арналған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети